«Қазақша сөйлесейік!» клубы ПДД (ЕНУ)

2023-04-05 08:53:29 114

Қос диплом бағдарламасы бойынша «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығында оқитын 1 курс студенттері үшін «Қазақша сөйлесейік!» клубының сабақтары басталды. Клубтың мақсаты – студенттердің шетелдік білім алушы ретінде қазақ тілін еркін меңгеріп, күнделікті тұрмыста қолдануына жағдай жасау; - олардың сөздік қорын толықтырып, жаңа сөздерді меңгеруіне ықпал ету; - күнделікті ортада тілдік қатысымның болуына назар аудару; - лексика-грамматикалық тақырыптарды еркін түсінуіне жағдай жасау; - студенттердің қазақша сөйлеу және жазу мәдениетінің дамуына көмектесу. Күтілетін нәтижелер – студенттер достық қарым-қатынасты сақтай отыра, тілдік білімдерін шыңдай алады; - әр түрлі жағдаятқа қатысты қазақша сөйлеу тілін дамытады; - бейнероликтер мен мультимедяилық бағдарлама, арнайы тіл жаттығулары арқылы өз ойын еркін жеткізіп, сұхбаттасуына мүмкіндік туады; - күнделікті тілдесім барысында қазақ елінің мәдениеті мен тарихы, әдебиеті және салт-дәстүрі туралы ақпараттармен толығырақ танысады. - арнайы лексика-грамматикалық тапсырмалар мен рөлдік ойындар арқылы тілдік ортаға бейімделеді.